13.06.2023, 07:16
Оқиғалар
Түркістан облысында 2-сыныпты бітірген бала суға батып кетті
Ол каналға шомылуға барған болуы мүмкін
Фото ашық дереккөзден
Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауылдардың бірінде биыл 2-сыныпты бітірген бала суға кетіп, мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Үйіне уақтылы оралмаған жеткіншекті іздеуге ата-анасымен бірге ауыл тұрғындары да жұмылған. Әуелі ауыл шетіндегі канал жағасынан баланың киімдері табылды. Ол онда шомылуға барған болуы мүмкін.
Көп ұзамай егістікке апаратын арықтан баланың денесі де табылған. Оқиғаға қатысты төтенше жағдайлар департаменті ешқандай ақпарат бермеген.
Жедел іздестіру жұмысына ТЖД-нің 13 жеке құрамы,1 жүзу құралы және 3 техникасы, ПД -нің 15 жеке құрамы мен 4 бірлік техникасы және 50 жергілікті тұрғын қатысты.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты