13.06.2023, 00:24
Оқиғалар
Түркістан облысында 3 күн бұрын жоғалып кеткен қарияның мәйіті ауыл маңынан табылды
77 жастағы қарияның денесін іздестіру жұмыстарын жүргізген жергілікті тұрғындар тапқан
Фото: Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі
Түркістан облысында 3 күн бұрын жоғалып кеткен қарияның мәйіті ауыл маңынан табылды. Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
77 жастағы қарияның денесін іздестіру жұмыстарын жүргізген жергілікті тұрғындар тапқан. Марқұмның мәйіті Талапты ауылдық округі, Шытты ауылының маңындағы Арыс өзенінен 500 метр жерде жатқан.
«Түркістан облысы ТЖД және полиция департаментінің қызметкерлері, кинологиялық есеп, еріктілер мен туыстары іздеу жұмыстарын жүргізді. Жалпы бұл жұмыстарға жеке құрамнан 72 қызметкер, 3 техника, 1 жүзу құралы жұмылдырылды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты