Абай облысындағы ТЖ: өрттің жалпы көлемі 60 000 га, оның 43 000 гектарында жану ошақтары байқалады
Талица ауылына қарай тараған өрт сөндірілді

Абай облысында минералдандырылған жолақтар жасау жұмыстары қолжетімділігі қиын болуына байланысты тоқтатылды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Талица ауылына қарай тараған өрт дала аумағына шығып, сөндірілді.
Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов оқиға орнынан өрт сөндіру жұмыстарын үйлестіруде.
Сондай-ақ, министр ТЖ орнындағы күштер мен құралдардың жұмысы туралы айтты
«Температураның жоғарылауына және екпінді желге байланысты өрттің таралуының қаупі бар, алайда бізде өртті оқшаулау үшін күштер мен құралдардың тобы жеткілікті», - деді министр.
Өз сөзінде ведомство басшысы шығыс бағытта өрттің белсенділігі байқалғанын, дегенмен авиациялық техникамен және жерүсті топтармен жану ошақтарын жоюға нақты міндеттер қойылғанын атап өтті.
Қазіргі уақытта жедел штабтың деректері бойынша өрттің жалпы көлемі 60 000 га құрайды, оның 43 000 га жану ошақтары байқалады.