06.06.2023, 12:30
Оқиғалар
Жетісу облысында 15 жастағы қыз жоғалып кетті
Ол 4 маусымда үйінен шығып, содан оралмаған
Жетісу облысының полиция қызметкерлері Панфилов ауданы Әулиеағаш ауылынан хабар-ошарсыз кеткен 15 жасар Ербосын Айзере Қанатбайқызын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
4 маусымда кәмелетке толмаған қыз бала үйден белгісіз бағытта кетіп, әлі оралмады. Мектеп оқушысы қара жемпір, қара джинсы және ақ кроссовка киген.
Жасөспірімнің белгілері: орташа денелі, көзінің түсі қоңыр, шашы қара, ұзын, иықтан төмен.
Кәмелетке толмаған қыз баланың жүрген жері, қайда екендігі немесе қызға қатысты басқа да мәліметтер туралы білетіндердің барлығын облыс полициясына +7 705 519 1021, 707 786 4630, 771 492 1007 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауларыңызды сұраймыз.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
