$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«3 адамның денесі әлі табылмады»: Смайылов су айдындарында қаза тапқандардың саны ұлғайып жатқанын айтты

Жаздың бірінші күні ғана 4 адам суға кетіп, мерт болған

«3 адамның денесі әлі табылмады»: Смайылов су айдындарында қаза тапқандардың саны ұлғайып жатқанын айтты
Фото ашық дереккөзден

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов суға кеткендер туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазгидрометтің» болжауынша, биылғы жаз маусымы жылдағыдан ыстық болады деп күтілуде. Әсіресе, еліміздің батысы мен шығысында және оңтүстігінде аптап ыстық көпке дейін сақталады деген болжам бар. Яғни, суға барып демалушылардың саны да арта түсері сөзсіз. Жаз енді басталды, ал еліміздің су айдындарында қаза тапқандар саны ұлғайып барады», - деді ол.

Смайылов атағандай, Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша жаздың бірінші күні ғана 4 адам суға кетіп, мерт болды.

«Алдың күні бір күнде 9 адам суға батып, 3 адамның денесі әлі табылған жоқ. Кеше тағы 4 адам суға батып кетті. Қайғылы жағдайлардың барлығы шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде болған. Бұл – шынымен де алаңдатарлық жағдай. Қазіргі уақытта шомылу маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда. Өңірлерде шомылуға қажетті арнайы орындар жабдықталып, жаңадан жағажайлар салынып жатыр. Сондай-ақ қауіпсіздік шараларын сақтауға қатысты    профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Соған қарамастан, судағы қайғылы жағдайлар азаймай отыр. Өкінішке қарай, елімізде жыл сайын 300-ге жуық адам суға кетіп, қайтыс болады. Олардың 100-ге жуығы – балалар. Бұл қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін көрсетеді», - деді Әлихан Смайылов.

Серіктес жаңалықтары