31.05.2023, 12:09
Оқиғалар
Павлодарда төрт жасар бала 10-қабаттан құлап кетті
Зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды
Фото ашық дереккөзден
Павлодарда төрт жасар бала 10-қабаттан құлап кетті. Шақырту Целинная көшесіндегі үйден түскен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 21:41-де шақыртуға жеделдіктің бірінші санаты бойынша жіберілген жедел жәрдем оқиға орнына үш минутта жеткен.
«Төрт жасар бала жақын жердегі Сұлтанов атындағы облыстық клиникалық ауруханаға – стационарға жеткізілді», – деді станцияда.
Науқастың жағдайы тұрақтанғаннан кейін облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр