$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.05.2023, 10:43
Оқиғалар

Алматы облысында тұрғындардың жарыққа төлеген ақшасын жымқырған қызметкер сотталды

Ол түскен ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап келген

Алматы облысында тұрғындардың жарыққа төлеген ақшасын жымқырған қызметкер сотталды
Фото ашық дереккөзден

Алматы облысында энергиямен қамтамасыз ету мекемесінің қызметкері төрт жыл бойы ауыл тұрғындарының ақшасын жымқырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ол 2019 жылдан 2022 жылға дейін, өкілеттігі болмаса да, Алматы облысының Қараой, Қуат және Өтеген батыр ауылдарының тұрғындарына жалған түбіртектер беру арқылы, энергия тұтынғаны үшін төлем алып, түскен ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап келген.

Өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру үшін ол деректер базасына әріптестерінің логиндері мен парольдерін пайдалана отырып, жалған мәліметтер енгізген», - делінген ҚМА хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеу барысында ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті аталған ауылдардың 150-ден астам тұрғынын электр энергиясынан ажыратуға жол бермеуге, сондай-ақ 16  млн теңгеге жуық сомадағы залалды өтеуге шара қолданды. 

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі инженері сотпен алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары