30.05.2023, 16:22
Оқиғалар
Түркістан облысында тауда турист құтқарылды
Ол таулы аймақта жолынан адасып кеткен
Фото ашық дереккөзден
Түркістан облысында 29 мамыр күні түнде тау арасынан турист құтқарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайдар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
29 мамырда шамамен 23.00-де құтқару қызметіне Түлкібас ауданы Қожаберді ауылының оңтүстік беткейінде турист таулы аймақта өз тобынан қалып қойып, адасып кеткені туралы хабар берген.
«Түркістан облысы құтқару бөлімшесі 29 мамырда түнгі сағат 01.00-де 1987 жылғы ер азаматты тауып алып қауіпсіз жерге шығарды. Туристке медициналық көмек қажет болған жоқ. Түркістан облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына табиғат аясында қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді