$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.05.2023, 20:20
Оқиғалар

Солтүстік Қазақстанда дәрігерлер 14 жастағы қыздың асқазанынан бір келіге жуық шаш пен жүн алды

Емдеу мекемесіне қыз бала «ішім ауырады» деген шағыммен қаралған

Солтүстік Қазақстанда дәрігерлер 14 жастағы қыздың асқазанынан бір келіге жуық шаш пен жүн алды
Фото ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында дәрігерлер 14 жасар қызға бірнеше сағат ота жасап, асқазанынан 1 келіге жуық шаш пен жүн алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

СҚО көп бейінді балалар ауруханасының мәліметінше, емдеу мекемесіне 14 жастағы қыз «ішім ауырады» деген шағыммен қаралған. ФГДС және жоспарлы тексеру барысында оның асқазанында бөгде зат бары анықталған.

Мамандардың айтуынша, қызға ота жасау туралы шешім қабылданды. Ота кезінде баланың асқазанынан трихобезоар алынды. Бұл термин «жүннен пайда болған асқазан тасы» деп аударылады.

Трихобезоар асқазанға шаш, жүн түскенде пайда болады, көбіне балаларда, соның ішінде шашын, жүнді заттарды шайнап жұтатын патологиясы бар қыздарда пайда болады. Бұл жаман әдет «трихотилломания» деп аталады.

Соның салдарынан асқазанда шырыш пен тағамның араласуынан ұйысқан асқазан «тасы» пайда болады.

Бірнеше сағатқа созылған отаны балалар ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Геннадий Беляев жасады. Операция сәтті өтіп, қыздың жағдайы жақсарғаннан кейін үйіне жіберілді.

Серіктес жаңалықтары