$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.05.2023, 17:58
Оқиғалар

Қарағандыда көлік жүргізушісі жолаушылар аялдамасын қиратты

Жол көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ

Қарағандыда көлік жүргізушісі жолаушылар аялдамасын қиратты
Фото: ekaraganda.kz

Саран - Қарағанды тас жолында «Lada Granta» және «Honda CRV» көліктерінің қатысуымен жол апаты болды. Салдарынан «Honda CRV» автокөлігінің жүргізушісі автобус аялдамасына соғылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Алайда аялдаманың қаңқасы мыжылып, көлік құралдарына да механикалық зақым келді.

«Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша «Көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Барлық материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі»,-деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары