25.05.2023, 11:41
Оқиғалар
Жамбылда 50 млн теңгенің электронды темекісін заңсыз әкелген тұрғын сотталды
Оған 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді
Видеодан кадр
Жамбыл облысында Қазақстан аумағына электронды темекі мен вейпестерді заңсыз әкелген азамат 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қаржы мониторингі агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті электронды темекі мен вейптерді алып мемлекеттік шекарадан өтпек болған екі көлікті ұстады.
«Жүк бөлімдерін тексеру кезінде рұқсатсыз және ілеспе құжаттарсыз 50 мыңға жуық «вейп» табылды. Табылған өнімнің сметалық құны шамамен 50 млн теңгені құрады», - делінген агенттік хабарламасында.
Сот шешімімен анықталған электронды темекілер мемлекеттік стандартқа сәйкес келмегендіктен жойылатын болды.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
