Абай облысындағы өртті сөндіруге 10 тікұшақ жұмылдырылды
Бородулиха ауданында төтенше жағдай жарияланды
Абай облысындағы орман өрті әлі сөндіріліп жатыр. Қазіргі кезде өртті сөндіруге Өртті сөндіруге жеке құрамның 800-ден астам адамы, 200-ден астам техника, 1 ҚТЖ өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, орман өртін сөндіруге аталған министрліктен – 5, Қорғаныс министрлігінен – 3, Экология және табиғи ресурстар министрлігінен – 2, яғни барлығы 10 тікұшақ жұмылдырылды. Оның ішінде 2 тікұшақ аумақты аэровизуалды ұшуды жүргізеді. Бүгінгі таңда 130 тонна судың 52 су ағызу жүзеге асырылды (барлығы 298 төгінді, 745 тонна).
«Қазіргі уақытта авиациялық және автомобиль техникасын пайдалана отырып, үш учаскеде сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ 68303 ТЖМ әскери бөлімінің және Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері жекелеген ошақтарды 126 адам мөлшеріндегі рюкзактармен және мүмкіндік құралдарымен сөндіруде», - делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта үш учаскеде авиациялық және автомобиль техникасын пайдалана отырып өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде.
«Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Жалпы жану аумағы шамамен 3500 га. құрайды. Секундына 6-10 метр екпінді жел салдарынан өртті сөндіру жұмыстары қиындауда. Сондай-ақ тығыз өсетін дақылдар мен тұзды жерлердің болуы да өрттің өршуіне әсер етіп отыр.
Аудан әкімі Е. Селихановтың шешімімен Абай облысының Бородулиха ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды», - дейді мамандар.
Өртті сөндіру жергілікті атқарушы органдармен тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырылады. Сондай-ақ Абай облысының «Birgemiz» волонтерлер фронт-офисімен өрт сөндіру орындарында волонтерлер, олардың ұйымдарының жұмысы ұйымдастырылып, үйлестірілуде.
«ТЖМ мен Абай облысы ТЖД жедел штабтарының жұмысы жалғасып жатыр. Олардың міндеттері – ТЖ аймағындағы жағдай туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау, қажетті ақпаратты беру; ТЖ күрделенуін және олардың салдарын болжау; ТЖ жою мәселелерін жедел шешу бойынша ұсыныстар дайындау. Сондай-ақ өрт орнында командалық-штабтық машинаның жұмысы жүргізілуде», - делінген ТЖМ хабарламасында.
«Қазгидромет» деректері бойынша 24-26 мамырда Абай облысының Бородулиха ауданында секундына 15-20 метрге дейін екпіні бар солтүстік-шығыс желі соғады.