Алматы облысында жазасын өтеп жүрген әйел колониядан қашып кеткен
Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапқа тартылып жатыр

Алматы облысы Жауғашты ауылындағы түрмеден қашып кеткен жазасын өтеуші ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Алматы облысында №10 мекемеде жазасын өтеп жүрген Г. есімді әйел 12 мамырда қашып шыққан. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында сотталушы мекеме аумағынан ұсталды. Бұл оқиға ақпаратты есепке алу кітабына тіркеліп, Алматы облысы Іле ауданының полиция бөлімінің жедел тергеу тобы шақыртылды», - деп хабарлайды облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
Болған оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін қылмыстық атқару жүйесі департаменті қызметтік тергеу жүргізіп жатыр.
«Кінәлі лауазымды тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сай жауапкершілікке тартылады.
ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген ведомство мәліметінде.