$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.05.2023, 16:18
Оқиғалар

Жамбыл облысында тас жолдан қару-жарақ табылды

Күдікті бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Жамбыл облысында тас жолдан қару-жарақ табылды

Жамбыл облысында тас жолдан қару-жарақ табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын іске асыру барысында жол жиегінен қару-жарақ тапты. Полицейлер 16 калибрлі ИЖ тегіс ұңғылы аңшы мылтығын, 6,62 калибрлі Байкал газ тапаншасын, 6 патрон тәркіледі.

«Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалып, ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды оқ-дәрілерді жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Аталған баптың санкциясымен күдіктіге қатысты бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады», – деп атап өтті облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Серіктес жаңалықтары