Ақтөбеде белгілі құрылыс компаниясының иесі тергеу изоляторына қамауға алынды
Кәсіпкер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Тергеу ақпараты бойынша, Нұрбек Байғұттиев «Алаш Орда» ТҚК құрылысы үшін «888 BEST» ЖШС-ні тіркеп, жәбірленушілерге 215 миллион теңге шығын келтірген. Әрі қарай ол «Авиатор Премиум» ТК-нің ойдан шығарылған құрылысы үшін «FASTANDSHINEKZ» ЖШС тіркеп, 700 миллион теңгеге шығын келтірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Диапазон ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Сондай-ақ, тергеу мәліметтері бойынша, Байғұттдиев көппәтерлі үйлер салу үшін тағы бір «KHANGROUPink» серіктестігін ашып, алдамшы жолмен тағы 485 миллион теңгені иемденді. Тергеу органы соттан тергеу жұмыстары жүріп жатқан кезде компания иесін қамауда ұстауға рұқсат беруді сұрады. Өйткені ол тергеу амалдарынан жасырынып қалуы мүмкін. Сонымен қатар, қазірдің өзінде құрылыс компаниясының иесі құжаттарын жинап, Грузияға баруды жоспарлаған болып шықты.
Тергеу соты тергеудің күдікті жасырынып қалуы мүмкін деген қорқынышын негізді деп тауып, оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға шешім қабылдады.
Бұған дейін, Нұрбек Байғұттдиев өз жобаларын белсенді түрде жарнамалады. Ол ақтөбеліктерге апарт-қонақүйлерден пайда табуды ұсынған. Яғни сатып алушы компаниядан қонақ үй нөмірін сатып алады, содан соң оны өзі қонақтарды іздейтін және бизнес-процесті басқаратын сол компанияның басқаруына береді, нәтижесінде барлық пайда тең бөлінеді. Бірақ аталған ғимарат сол күйі салынған жоқ.
Тағы бір даулы құрылыс – «Aviator Premium» клубтық қалашығы, мұндағы пәтерлер 107-ден 195 шаршы метрге дейін ұсынылды. Құрылыс салушы 2021 жылдың жазында бірнеше 3 қабатты үйлерді жалға беруге уәде берді. Алайда уәдесі іске аспады.
Нұрбек Байғұттдиев инфрақұрылымы дамыған бір қабатты кенттің жобасын көрсетті. Ол да жүзеге асырылған жоқ.