11.05.2023, 16:09
Оқиғалар
Павлодар облысында өрт салдарынан жеке тұрғын үйлерге қауіп төнді
Оқиға орнына жеке құрамнан төрт техника мен 12 адам шықты
Фото ашық дереккөзден
Кенжекөлде өрт салдарынан жеке тұрғын үйлерге қауіп төнді. Жалын үш гектар аумақты шарпыған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 мамырда Кенжекөл ауылының шетінде құрғақ шөп пен қамыс өртенген.
«Өрт салдарынан жеке тұрғын үйлерге қауіп төнді. Оқиға орнына жеке құрамнан төрт техника мен 12 адам шықты. Үш гектар жерде құрғақ шөп пен қамыс жанды», – дейді департаментте.
№ 3 өрт сөндіру бөлімі кезекші қарауылының жедел іс-қимылының арқасында өрттің таралуына жол берілмеді.
Көп оқылған
26.08.2026, 13:29
«Жүре алмайтыныма қарамастан ауруханадан шығарып жіберді»: Ұлдана Мырзуан көмекке ұмтылған әйел өз шындығын айтты
26.08.2026, 17:24
«Өлтіре ме деп қорқамын»: Алматыда бойжеткен экс-сүйіктісінен көрген азабын айтып, жанұшыра көмек сұрады
26.08.2026, 16:59
Пәкістанда аурухана өртеніп, 14 сәби тірідей жанып кетті
26.08.2026, 17:11
Секіріп, қуанды: Тоқаевтың сұрағына мүдірмей жауап берген оқушы желі жұртын сүйсіндірді (ВИДЕО)