11.05.2023, 15:50
Оқиғалар
Астанада жаңадан салынған тұрғын үй кешенінен өрт шықты
Өрт сағат 15:17-де оқшауланды
Астанада Abu Dhabi Plaza сауда-ойын-сауық орталығының жанында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй кешені отқа оранды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қалалық ТЖД мәліметінше, өрт шыққан ғимарат Ақмешіт көшесінің бойында орналасқан.
«11 мамырда сағат 15:01-де Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Ақмешіт-Сығанақ көшелерінің қиылысындағы жаңа ғимараттан қара түтін шығып жатқаны туралы түскен хабарлама бойынша оқиға орнына барды. Жаңадан салынған тұрғын үй кешенінің аумағында битум мен сыртқы жабынның жанып жатқаны анықталды», - делінген ТЖД хабарламасында.
Өрт сағат 15:17-де оқшауланды.
Ведомство өкілдері қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
11.10.2026, 06:18
«Ақша бопсалаған»: Алматыда екі жасөспірім қаза тапқан төбелеске қатысты сот өтіп жатыр
11.10.2026, 11:45
Шымкентте ТЖМ қызметкерлері 3 жасар баланы құтқарды
11.10.2026, 10:00
Еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды