$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.05.2023, 13:22
Оқиғалар

«Қазақ тіліндегі таңбалау мәтіні жоқ»: Елордада жанармай құю станциясына айыппұл салынды

Айыппұл мөлшері 1 035 000 теңгені құрады

«Қазақ тіліндегі таңбалау мәтіні жоқ»: Елордада жанармай құю станциясына айыппұл салынды

Елордада жанармай құю станциясы мемлекеттік тілде түсіндірмесі жоқ ауа тазартқышты сатқаны үшін айыппұл төлеуге мәжбүр. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті мәлімдедә, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Белгілі болғандай, Астана қаласының тұрғыны «Аурика» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауа тазартқыш құралын мемлекеттік тілдегі ақпаратсыз сатқаны туралы өтініш түсірген.

«Өтінішті зерделеу барысында «Аурика» ЖШС сатылған ауа тазартқыштың этикеткасында мемлекеттік тілде таңбалау мәтіні жоқ екені анықталды. Бұл жағдайда сатушы «Өнімді таңбалауға қойылатын талаптар» Қазақстан Республикасының техникалық регламентінің талаптарын сақтамаған. Анықталған сәйкессіздіктер «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағының 1-тармақшасын бұзу болып табылады, оған сәйкес өнімді дайындаушылар (орындаушылар), сатушылар өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге міндетті», - делінген хабарламада.

Осылайша, «Аурика» ЖШС «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 415-бабы 1-тармағының 1-тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібімен 1 035 000 мөлшерінде әкімшілік айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта айыппұл толығымен төленді.

Серіктес жаңалықтары