Ақтөбе облысында 2 жасар бала дәретханаға құлап, қайтыс болды

Azattyq Rýhy

Бұл кезде ата-аналардың ешқайсысы үйде болмаған

Ақтөбе облысында 2 жасар бала дәретханаға құлап, қайтыс болды
Фото ашық дереккөзден

2 жасар бала дәретханаға құлап, көз жұмды. Жазатайым оқиға Шалқар қаласында 3 мамыр күні болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Диапазонға» сілтеме жасап.

Екі жасар бала көшедегі дәретхананың шұңқырына құлап кеткен. Баланы туысы шығарып алады, санавиациямен зардап шеккен бүлдіршінді облыстық балалар ауруханасына жеткізеді, бірақ бірнеше күннен кейін бала қайтыс болды, деп хабарлады Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Басылымның хабарлауынша, баланы дәретханаға балалардың үлкені ертіп барған. Қатты жел соғып, дәретхананың есігі екпінмен жабылыпр қалады, сол мезетте бала шұңқырға құлап кеткен.

Баланың анасы ауруханада емделіп жатқан, әкесі жұмыста болған. Бала үйде туыстарының бақылауында болған, деп түсіндірді полициядан. Осыған қарамастан, ата-аналарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы «балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бойынша іс басталды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.