$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.05.2023, 15:09
Оқиғалар

Степногорда 180 млн теңгенің зергерлік бұйымын ұрлап кеткендер ұсталды

Қазір қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр

Степногорда 180 млн теңгенің зергерлік бұйымын ұрлап кеткендер ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Степногорскіде 180 млн теңгеден астам сомаға зергерлік дүкенді тонағандар анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Криминалдық полиция басқармасы мен полиция басқармасының жедел қызметкерлері жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде зергерлік дүкеннің мұқият жоспар бойынша тоналғаны анықталды.

«Полиция департаменті басшылығының нұсқауы бойынша бірнеше жедел топ құрылып, Ақмола және көрші өңірлердің аумағында бірқатар жедел – іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Соның нәтижесінде елордада екі күдікті ұсталды. Олар – Астана қаласының 1977 және 1988 жылы туған тұрғындары. Күдіктілерден заттай дәлелдемелер, ұялы телефондар, байланыс құралдары және ұсталғандар мініп жүрген көлік тәркіленді», - делінген ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.

Естеріңізге сала кетсек, 1 мамыр күні белгісіз біреулер жертөле арқылы дүкенге кіріп, 180 млн теңгеден астам сомаға зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары