$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.05.2023, 11:03
Оқиғалар

Алматы облысында үйінде екі арыстан ұстаған тұрғын анықталды

Полиция қызметкерлері тексеруден кейін экзотикалық жануарларды тәркіледі

Алматы облысында үйінде екі арыстан ұстаған тұрғын анықталды

Алматы облысында сирек кездесетін жануарларды заңсыз ұстаған азамат ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 4 мамыр жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері сирек кездесетін жануарларды, атап айтқанда 5 айлық екі арыстанды заңсыз ұстаған 2001 жылғы А. есімді азаматты әшкереледі.

«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Қарасай ауданының полициясында тіркелді. Полиция қызметкерлері тексеруден кейін экзотикалық жануарларды тәркіледі», - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық істі тергеудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары