$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.05.2023, 18:08
Оқиғалар

Павлодарда WhatsApp-та ұлтаралық алауыздықты қоздыратын хабарлама жіберген ер адам сотталды

Сот оған 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады

Павлодарда WhatsApp-та ұлтаралық алауыздықты қоздыратын хабарлама жіберген ер адам сотталды

Павлодарда WhatsApp желісінде ұлтаралық алауыздықты қоздыратын хабарлама жіберген ер адам сотталды. Ол қазақ ұлтының ар-намысын қорлаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар қаласы №2 соты баспасөз қызметінің мәліметінше, сот 2023 жылғы 24 сәуірде К.В.-ға қатысты ұлттық алауыздықты қоздыру және ұлттық ар-намыс пен қадiр-қасиеттi қорлау фактісі бойынша қылмыстық істі қарады (ҚК 174-бабының 1-бөлігі).

«2023 жылдың 1 қаңтарында К.В. масаң күйде WhatsApp мессенджерінің жалпы тобына ұлттық алауыздықты қоздыруға және қазақ ұлты өкілдерінің ар-намысы пен қадiр-қасиетiн қорлауға бағытталған 3 дауыстық хабарлама жолдады», – деді баспасөз қызметінде. 

Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, құжаттық дәлелдемелермен және сараптамалық қорытындылармен дәлелденген. 

К.В. кінәсін мойындады және бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Аталған іс бойынша ҚК 174-бабының 1-бөлігінде негізгі жаза ретінде ең жоғары мерзім 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

«Жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығын, кінәсін толық мойындауын және шын жүректен өкінуін, асырауында екі жас баланың болуын ескере отырып, сот К.В.-ға 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – деді баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары