$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.05.2023, 17:53
Оқиғалар

«Балғамен ұрған»: Абай облысында зейнеткерді тонаған күдікті ұсталды

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

«Балғамен ұрған»: Абай облысында зейнеткерді тонаған күдікті ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Абай облысында зейнеткерді балғамен ұрып, тонап кеткен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наурыз айының соңында Әуезов полиция бөліміне облыс орталығының 74 жастағы тұрғыны қаланың сол жағалауында оны тонап кеткені туралы арызданды. Дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобы жеткен.

Ер адам жәбірленушінің басын балғамен ұрып жіберіп, оның үш мың теңге көлеміндегі ақшасын, алтын сырғасы мен телефонын иемденіп алған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полицейлер күдіктіні қолға түсірді. Ол осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын сотталған 43 жастағы ер адам болып шықты. Жауап алу барысында қаскөй өз кінәсін мойындады.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары