01.05.2023, 11:22
Оқиғалар
Мексикада автобус апатынан 18 адам қаза тапты
Зардап шеккендердің арасында кәмелет жасына толмаған 10 бала бар
Фото ашық дереккөзден
Мексикада туристік автобус сайға құлап, апат салдарынан 18 адам қаза тауып, 30-дан астамы жарақат алды. Бұл туралы EFE агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Наярит штатында болған.
«Қылмыстық іздестіру қызметінің қызметкерлері, прокуратура қызметкерлері және сарапшылар оқиға орнында 18 адам қаза тапқанын анықтады, оның 7-еуі ер адам, 11-і әйел», - делінген Мемлекеттік прокуратураның Twitter-дегі аккаунтында.
Прокуратураның мәліметінше, зардап шеккендердің арасында кәмелет жасына толмаған 10 бала бар.
Зардап шеккендердің 33-і ауруханаға жатқызылды.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 10:22
Бизнесмендер футболға бет бұрды: биыл Қазақстанда қандай командалар жекеменшікке өтті
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды