$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.05.2023, 10:20
Оқиғалар

Қарағандыда Федоров су қоймасынан әйелдің денесі табылды

Алдын ала болжам бойынша, марқұм суға батып кеткен

Қарағандыда Федоров су қоймасынан әйелдің денесі табылды
Фото ашық дереккөзден

Қарағандыда Федоров су қоймасынан әйелдің денесі табылды. Тәртіп сақшылары марқұмның жеке басын анықтап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy eKaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

Федоров су қоймасынан әйелдің денесін өтіп бара жатқан адамдар тауып алып, полиция шақырған. 

Белгілі болғандай, әйелдің денесінен зорлық-зомбылықпен өлім белгілері табылмаған. Алдын ала болжам бойынша, суға батып кеткен.

Сәуір айының соңғы күндері Қарағандыда ауа райы жаздағыдай жылы болды. Полицейлер әйелдің өлімінің себебін сот-медициналық сараптама белгілейтінін айтып отыр.

 «Зорлық-зомбылық белгілері жоқ әйелдің мәйітін табу фактісі полицияға тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазір марқұмның жеке басы, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлайды Қарағанды ​​облысының полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары