26.04.2023, 10:30
Оқиғалар
Қостанайда көпқабатты үйдің терезесінен бір жасар бала құлап кетті
Бала ересектердің қарауынсыз қалған
Қостанайда бір жасар бала 3-ші қабаттың терезесінен құлап, тірі қалды. Оқиға 25 сәуір күні кешке сағат 19:50-де болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға қаладағы Чехов көшесінде 5 қабатты тұрғын үйде болған. Бала ересектердің қарауынсыз қалып, ашық тұрған терезеге мініп, сыртқа құлап кеткен.
«Сәби қалалық балалар ауруханасының реанимациясына шұғыл түрде жатқызылды. Дәрігерлер жабық бас миының жарақаты, жағдайы ауыр деген диагноз қойды. Қостанай облысының ТЖД кезекті рет ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Москит торлары-баланы құлаудан құтқаратын қорғаныш емес», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
