$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.04.2023, 10:41
Оқиғалар

Алматыда ұсталған журналист екі айға қамауға алынды

Оның әйелі екі ай үйқамақта болады

Алматыда ұсталған журналист екі айға қамауға алынды
Фото ашық дереккөзден

Алматыда өзгені бопсалады деген күдікпен ұсталған журналист Владимир Северный екі айға қамауға алынды, оның әйелі Наргиз үйқамақта болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 22 сәуірдегі қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, күдікті Северный В.-ға қатысты 2023 жылдың 20 маусымына дейін 2 ай мерзімге санкция берілді және қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ сот шешімімен сотқа дейінгі тергеу органының арызы қанағаттандырусыз қалдырылып, күдікті Северная Н.-ға қатысты екі ай мерзімге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Еске салсақ, ерлі-зайыптылардың қамауға алынғаны 21 сәуірде белгілі болған еді. Алматы полициясы қаладағы ЖШС бірінің басшысы хабарласып, бопсалау туралы мәлімдегенін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары