$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.04.2023, 10:19
Оқиғалар

СҚО-да Орталық Азия елдерінің бірінен заңсыз келген балалар анықталды

5 жастан 15 жасқа дейінгі балалардың тиісті құжаттары болмаған

СҚО-да Орталық Азия елдерінің бірінен заңсыз келген балалар анықталды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

СҚО-да Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген балалар анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 18 сәуірде ведомство ҚР ҰҚК СҚО бойынша департаментімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Петропавл қаласында 7 пәтерді тексерді.

«Онда Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген 5 жастан 15 жасқа дейінгі балалар анықталды. Балалардың ҚР аумағында заңды түрде болуын растайтын құжаттар болмады», - делінген хабарламада.

Тұрғын үй-жай беру жолымен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, сондай-ақ шетелдіктерге ҚР аумағына заңсыз кіру, шығу, ел аумағында жүріп-тұру үшін өзге де қызметтер көрсету белгілері болуына байланысты, аталған деректі 19 сәуірде ПБ ҚР ҚК 394-бабының 2-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Қазір жедел-тергеу тобы құрылды, тергеу әрекеттері, анықталған тұлғалардан, оның ішінде кәмелетке толмағандардан да жауап алу жүргізілуде, қажетті сараптамалар тағайындалды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары