$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.04.2023, 13:24
Оқиғалар

Алматыда өзгені бопсалады деген күдікпен ерлі-зайыпты журналистер ұсталды

Аталған оқиғаға қатысты қалалық ПД пікір білдірді

Алматыда өзгені бопсалады деген күдікпен ерлі-зайыпты журналистер ұсталды

Алматыда өзгелерді бопсалады деген күдікпен ерлі-зайыпты журналистер ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әлеуметтік желіде ұсталған журналистердің ұлы Ратмир Северный бейнеүндеу жариялап, ата-анасын балаларының көзінше алып кеткенін мәлімдеді.  

«Оларды форма киген бірнеше адам мен тергеушілер ұстап әкетті. Ұсталған сәтін бейнетаспаға түсіріп, жеке заттарына тінту жүргізді. Анамды бізбен сөйлеспестен дереу бөлімшеге алып кетті. Әкемді бізбен бірге үйге жеткізіп, алып келген соң әкетті. Оларға өзгені бопсалады деген айып тағылғанын естіп қалдым. Қазір отбасымыздан ешкім олармен байланыса алмай отыр, не телефон соғып, не болып жатқанын біле алмай отырмыз. Өйткені олардың телефондарын тартып алып қойды», - деді Ратмир Северный.

Аталған оқиғаға қатысты қалалық полиция департаменті пікір білдірді.

«Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі белгілі бір ЖШС басшысының арызы бойынша ақша бопсалаған С. тегіндегі ерлі-зайыптының қаражаттың бір бөлігін алу кезінде ұсталғанын хабарлайды. Қазіргі таңда аталған деректің толық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде заңды процессуалдық шешім қабылданады», - делінген ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары