БҚО-да орман өрті екі күннен бері сөндіріліп жатыр – ТЖД

Azattyq Rýhy

Өрт 70 гектар аумаққа тарады

БҚО-да орман өрті екі күннен бері сөндіріліп жатыр – ТЖД
Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласының шетінде кешеден бері құрғақ шөп пен бұталар өртеніп жатыр. Өрттің жалпы ауданы 70 гектар жерге тарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, Перевалочная тоғайының маңында, «Орман және жануарлар дүниесін қорғау» ММ аумағындағы өрт жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан ТЖМ бөлімшелерінің және «Орман және жануарлар дүниесін қорғау» ММ бірлескен жедел іс-қимылдарының арқасында сағат 20.36-да оқшауланды.

«Елдімекендерге қауіп жоқ, жекелеген жану ошақтарына су төгу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Түнгі уақытта жасырын жану ошақтарының жоқ екеніне көз жеткізу және олардың қайта жануына жол бермес үшін өрт шарпыған 3 учаскедегі өрт ошақтарына су төгу және қарауылдау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта желдің жылдамдығы 5-7 м /с, сыртқы ауа температурасы +11 градус», - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Жел бағытының үнемі өзгеруіне және арнайы техниканың өтуіне қол жеткізу қиын болғандықтан өртті сөндіру қиынға соғуда, сондықтан жаяу өрт сөндіргіштер хлопушкаларды пайдалану арқылы жұмыс істеп жатыр.

Өртті сөндіруге жалпы ТЖД, «Резерв» мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі, әкімдіктің ерікті өртке қарсы құралымдары, орман шаруашылығы, «Жайықтазақала» ЖШС 158 адам және 34 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.