$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.04.2023, 14:56
Оқиғалар

Қызылордада мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар жалған болып шықты

Жалған хабар таратқандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Қызылордада мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар жалған болып шықты
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Қызылордалық полицейлер мектепте жарылғыш құрылғы салынғаны туралы хабарлама бойынша тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық ПД мәліметінше, 24 сәуірде «Қызылорда қаласындағы мектептердің бірінде ғимаратқа жарылғыш құрылғы салынғаны туралы» полицияға хабарлама келіп түскен.

«Оқиға орнына шұғыл түрде жедел қызметтер келді. Ғимараттан адамдар эвакуацияланып, тексерілді: тыйым салынған заттар мен жарылғыш құрылғылар табылмады. Қызылорда облысының ПД қылмыстық құқықбұзушылық саналатын терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін жауапкершілік туралы ескертеді, ол үшін ҚР ҚК 273-бабында жаза көзделген», - делінген хабарламада.

Осы бап бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары