24.04.2023, 11:06
Оқиғалар
Ақтөбе облысында жол апатынан үш жолаушы қаза тапты
Қайғылы оқиға 23 сәуірде Хромтау ауданында болған
Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы жол апаты 23 сәуірде Хромтау ауданының Жазық ауылының маңында болған.
«Самара – Шымкент автожолында «ВАЗ-2110» және Toyota маркалы автокөліктері соқтығысқан. Апат салдарынан «ВАЗ» автокөлігінің 3 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, жүргізушісі аудандық ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталды және жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды