12.04.2023, 09:21
Оқиғалар
Павлодарда бір жасар бала шелектегі суға тұншығып көз жұма жаздады
Қазіргі уақытта сәби ауруханада жатыр
Фото ашық дереккөзден
Павлодарлық дәрігерлер шелектегі суға батып кете жаздаған баланың өмірін сақтап қалды. Бұл туралы облыстық балалар ауруханасынан мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
«2022 жылы туған қызды 10 сәуір күні облыстағы аудандардың бірінен санитарлық авиациямен жеткізді», - деп нақтылады ауруханадан.
Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Кішкентай қыз соматикалық бөлімде ем алуда.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың ақпан айында бір шелек суға батып кеткен сәби көз жұмған болатын.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады