12.04.2023, 08:35
Оқиғалар
Туыстары жүргізушіні соққыға жықты: Алматыда жасөспірімді көлік қағып өлтірді
Полиция қылмыстық іс қозғады
Алматыда бағдаршам жанында көлік қағып кеткен жасөспірім алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
16 жасар жасөспірім бағдаршамның жасыл түсімен жолды кесіп өтпек болғанда, көлік жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, баланы қағып өлтірген. Жәбірленуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды AstanaTV.
Оқиғаға куәгер болғані марқұм жасөспірімнің туыстары көлік жүргізушісін ұрып-соғып, көлігін талқандаған. Полиция қылмыстық іс қозғады.
«Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді Алматы полициясының баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды