Шұғыл«Тауық пен сиырдың айырмашылығын білмейді» – Нұрлан Нығматулин Экология министріне ауылға баруға кеңес берді

Атырауда мүгедек балаларды ұрып-соққан тәрбиешілер жазадан құтылып кетті

Полиция қылмыстық әрекеттің видеожазбалары болса да оқиғадан қылмыстық құрам таппаған

Атырауда тілінде мүкісі бар м.гедек балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиешілері жазадан құтылып кетті. Олар осында жатқан балаларды ұрып-соққан болатын деп жазады ATPress.kz.

2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында мүгедек балаларды жиі ұрып отырды деген күдікке мекеменің 5 қызметкері – тәрбиешілері мен санитарлары ілінген болатын. Полиция сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын былтыр 13 наурызда бастаған. 27 наурызда сот-медициналық сараптама 2 баланың денесінде жеңіл жарақаттар барын анықтады. Тексерілген тағы 6 баланың денесінен ешқандай жарақат табылмаған.

«Қылмыстық әрекет 2019 жылдың 13 қаңтары мен 18 ақпаны аралығында болғандықтан, биыл 20 ақпанда ҚР ҚПК-тің 35-бабы 1-тармағының 4-бөлігіне сәйкес (қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне орай) қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды», - делінген Атырау облыстық Полиция департаментінің ресми жауабында.

Басылымның мәліметінше, балаларды ұрған уақыт пен сот-медициналық сараптама тағайындалған уақыт арасы ұзаққа созылған, сондықтан балалардың үстіндегі жарақаттар тексергенге дейін жазылып кетуі әбден мүмкін. Оның үстіне, тілінде мүкісі болғандықтан, балалар болған жайтты түсіндіріп айтып бере алмаған. Ал, ұру оқиғалары видеокамераға жазылып қалғанына қарамастан полиция оны ескермеген көрінеді.