$ 510.19  582.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.03.2020, 12:44
Оқиғалар

Петропавлда жедел жәрдем көлігі аударылды

Жүргізушісі өзін нашар сезініп, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен

Петропавлда жедел жәрдем көлігі аударылды

Петропавл көшелерінің бірінде жедел жәрдем көлігі бір жақ жанына аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл көшесіндегі апат орнынан түсірілген суреттер әлеуметтік желілерде жарияланды.

«46 жастағы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі өзін нашар сезініп, рөлді басқара алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, Audi автокөлігімен соқтығысқан. Осыдан жедел жәрдем автокөлігі оң жаққа аударылған», - деп түсінік берді полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Жедел жәрдем көлігінде жүргізушімен бірге фельдшер мен медбике болған. Зардап шеккендер жоқ. 46 жастағы жүргізуші (жедел жәрдем көлігінің жұргізушісі-ред) үшінші қалалық ауруханаға жеткізілді, медициналық көмек көрсетілді. Ол ауруханаға жатудан бас тартты.

«Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша материал жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне жіберілді», - деп атап өтті баспасөз қызметінде.

Серіктес жаңалықтары