Түркияның оңтүстік-шығысында тағы жер сілкінісі болды

Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ

 

Түркияның оңтүстік-шығысында тағы жер сілкінісі болды
© Depositphotos.com

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 4,9 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 4,9 балдық жер сілкінісі болды.

«Жер сілкінісі UTC уақыты бойынша 0.39 (Астана уақыты бойынша 06.39) кезінде тіркелді. Жерасты дүмпулерінің ошағы Гоксун қаласынан оңтүстік-батысқа қарай тоғыз шақырым жерде орналасқан. Ошақ бес шақырым тереңдікте жатыр», - делінген хабарламада.

Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.

Тақырыпқа орай: «2 мыңы жансақтау бөлімінде жатыр»: Түркияда жер сілкінісінен жараланғандар саны қанша

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында тоғыз сағаттық үзіліспен 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері елдің 11 провинциясы мен көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да қатты сезілді. Түркия билігі 50 мыңнан астам адамның өмірін қиған жер сілкінісін «ғасыр апаты» деп атады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.