$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«2 мыңы жансақтау бөлімінде жатыр»: Түркияда жер сілкінісінен жараланғандар саны қанша

Алапат зілзаладан зардап шеккен 20 мыңнан астам адам ауруханаларға жеткізілген болатын

«2 мыңы жансақтау бөлімінде жатыр»: Түркияда жер сілкінісінен жараланғандар саны қанша
Фото: trthaber.com

Қаһарманмараш қаласындағы жер сілкінісінен жарақат алған оны мыңдай адам әлі ауруханада емделіп жатыр. Олардың екі мыңға жуығының жағдайы ауыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

6 ақпанда ел провинцияларында болған алапат зілзаладан жарақат алғандардың 20 мыңнан астамы Ыстамбұлдағы ауруханаларға жеткізілген болатын. 

Денсаулық сақтау министрі Ваһан Кожаның айтуынша, Қаһарманмараштағы жер сілкіністерінен кейін 9881 адам әлі ауруханаларда ем қабылдап жатыр. Оның мәліметінше, жансақтау бөлімдеріндегі 1 834 адамның өмірі үшін дәрігерлер күресіп келеді. 

«Біз олардың сауығып кетулері  үшін бар күшімізді саламыз. Әр пациентіміздің сауығып кетуін тілеймін», - деді министр. 

Министрдің айтуынша, ең көп науқас Анкара, Ыстамбұл, Адана, Газиантеп және Анталиядағы ауруханаларда жатыр.

Тақырыпқа орай: «Ғасыр зілзаласы»: Кахраманмараштағы жер сілкінісі туралы кітап жарыққа шықты

Естеріңізге сала кетейік, биыл ақпан айының басында Түркияның Кахраманмараш, Малатия, Шанлыурфа және Газиантеп провинцияларында, сондай-ақ Сирия мемлекетінің Түркиямен шекаралас аудандарында жойқын жер сілкінісі тіркеліп, Түркияда 46 мың адам, Сирияда 8 мыңнан астам қаза тапқан болатын.

Серіктес жаңалықтары