ҰҚК Ресейден қару тасымалдаумен айналысқан этникалық қылмыстық топтың жолын кесті
Олардан 11 дана тапанша тәркіленген
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысында Ресейден Қазақстанға атыс қаруы контрабандасын ұйымдастырған қылмыстық топтың жолын кесті.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған қылмыстық топ этникалық сипатта болған.
«27 ақпанда ҚР ҰҚК «А» арнайы мақсаттағы қызметі мен Полиция департаментінің «Арлан» арнайы бөлімшесінің күштері операция жүргізу барысында трансұлттық қылмыстық топқа қатысушылар ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік органдары қару контрабандасын ұйымдастырушылардан барлығы 11 «Макаров» тапаншасын және оларға 1300-ден аса патрон алды», - делінген ҰҚК таратқан хабарламада.
Қазіргі таңда ұсталған азаматтар тергеу абақтысына қамауға алынған. Олардың қылмысы дәлелденсе, 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.