$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.03.2020, 09:44
Оқиғалар

Мұхтар Әблязовтың сыбайласы БАӘ-ден экстрадицияланды

Рустам Ибрагимов 250 млн доллар жымқырған

Мұхтар Әблязовтың сыбайласы БАӘ-ден  экстрадицияланды

4 наурызда Бас прокуратураның және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктерінен БТА Банкінің бұрынғы басқарушы директоры Рустам Ибрагимовты Қазақстанға экстрадициялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Бас прокуратураға сілтеме жасап.

«Ибрагимов БТА Банкінің 250 млн. АҚШ доллары қаражатын Мұхтар Аблязовтың ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерімен бірлесіп жасаған ұрлығы үшін іздеуде болған. Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында ол, БАӘ-де Қырғызстан азаматының жалған төлқұжатын пайдаланып жасырынған. Алайда, қазақстандық құқық қорғау органдарының араб және қырғыз әріптестерімен бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде, сондай-ақ БАӘ-дегі Қазақстан елшілігінің көмегімен жоғарыда аталған төлқұжат заңсыз деп танылып, қылмыскер ұсталып Қазақстан Республикасына экстрадицияланды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Ибрагимов Алматыдағы тергеу изоляторына қамалды.
 

 

Серіктес жаңалықтары