$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.03.2020, 10:57
Оқиғалар

Кадр тапшылығы: Маңғыстауда жалғыз нейрохирург бір мезетте екі қызды аман алып қалды

Ербол Кенжевалов - Маңғыстау облысындағы жалғыз балалар нейрохирургы

Кадр тапшылығы: Маңғыстауда жалғыз нейрохирург бір мезетте екі қызды аман алып қалды
фото: facebook

2020 жылдың 3 науырызында Ақтаудағы облыстық балалар ауруханасында басынан жарақат алған 7 жасар қыз бен небары үш айлық бүлдіршінге ауыр ота жасалды. Ол операцияларды Маңғыстау облысындағы жалғыз балалар нейрохирургы Ербол Кенжевалов өткізген. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Ербол Кенжевалов қазір аймақтағы жалғыз балалар нейрохирургы және ол ауысымсыз, кейде, тіпті демалыссыз жұмыс істеуге мәжбүр.

«Менің жақын достарымның бірі, Маңғыстау облысындағы жалғыз балалар нейрохирургы Ербол Кенжевалов он бір сағат ішінде кезек-кезекпен екі қыздың өмірін құтқарды. 03.03.2020 жылы сағат кешкі 17:20 шамасында Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына 2013 жылы туған қыз бала ауыр жағдайда түсті. Ол жол апаты кезінде қатты жараланған, маңдай бөлігінің сол жағы сынып, бас миы ауыр жарақаттанған. Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері бір сағат ішінде оны операцияға дайындады. Науқасқа операция сәтті жасаған соң, дәрігерлер бірден миына қан құйылған үш айлық нәрестеге операцияға жасауға кетті. Сәби ІІ дәрежелі комаға түскен. Дәрігерлердің арқасында екі операция да сәтті өткен. Досымның айтуынша, алғаш рет екі ауыр операцияны бір уақытта жасап, қатты шаршаған», - дейді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы  Азамат Сәрсенбаев.

Қазір Азамат Сәрсенбаев басқа қызметте, дегенмен, ол облыстағы кадр тапшылығы туралы біраз мәлімет жеткізді.

«Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы болып жүрген кезде Ербол облыстағы балалар нейрохирургының жұмысы бір адамға қатты салмақ салатынын, дұрыс демалмай, еңбек демалысына да шыға алмайтынын, тіпті, оны алмастыратын әріптестері бар басқа дәрігерлер сияқты білімін арттыру үшін әртүрлі семинарлар мен тренингтерге бара алмайтынын айтқан еді. Сондықтан, шара қолданбаса болмайды. Құдай сақтасын, бір күні қатты шаршаған дәрігер қате жіберіп алмайтынына кім кепіл», - дейді Сәрсенбаев.

Ал, маңғыстаулықтар Ербол Кенжеваловқа алғысын айтып, он шақты сағат ішінде екі баланы аман алып қалған маман кез келген марапатқа лайық деп есептейді.

Кенжекей Тоқтамұрат

Серіктес жаңалықтары