ШұғылЖелтоқсан-қаңтар айларында Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін

Ақтөбеде студенттер төбелесіп, біреуі жарақат алды

Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе қаласында Бәйішев атындағы университет мен Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі студенттерінің арасында төбелес болып, біреуі пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

«3 наурыз күні Ақтөбе қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасына пышақпен жарақаттанған ЖОО-ның 21 жастағы 3-курс студенті түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Анықталғандай, Құрманалин мен Қазан көшелерінің қиылысында Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінің 2-курс студенті мен Бәйішев атындағы университеттің 3-курс студенті арасында төбелес болған. Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында күдікті анықталып, ұсталды», - деп жазылған хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіруге оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды.