$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.03.2020, 09:30
Оқиғалар

Құрбысының құжаттарын ұрлап әкеткен алаяқ отыздан астам онлайн несие рәсімдеген

Алаяқ анықталды

Құрбысының құжаттарын ұрлап әкеткен алаяқ отыздан астам онлайн несие рәсімдеген

Қостанай тұрғыны құрбысының құжаттарын ұрлап, оның атына отыздан астам онлайн несие рәсімдеген. Алаяқ анықталды, -  деп хабарлайды Астана телеарнасы. Полицейлер аймақта киберқылмыстың күшейіп келе жатқанына алаңдаулы. «Контрофакт» жедел алдын алу шарасы барысында 35 жастағы қала тұрғыны қолға түсті. Күдікті жасырын ақпарат алу мақсатында қолданылатын арнайы техникалық құралдарды заңсыз саудаға салған. Ол шағын камерасы бар қол сағатты сатпақ болған жерінен қолға түскен.

«Қазіргі уақытта ҚР ҚК 399-бабымен ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану көзделген сотқа дейінгі тергеу әрекеті жүргізілуде. Қазіргі уақытта арнайы техникалық құралдарды тану үшін сараптамаға жіберілді», - деп хабарлады Сәбит Ибрайымов, Қостанай облыстық ПД Киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің басшысы.

Жыл басынан бері интернет арқылы жасалған 135 алаяқтық факті тіркелген.12 қылмыстық құқықбұзушылық анықталып, 9 адам ұсталды. Алаяқтар түрлі жолмен аймақ тұрғындарын арбайды. Арасында жақын таныстарының жеке куәлігін жымқырып, онлайн несие рәсімдегендер бар.

 

 

Серіктес жаңалықтары