29.02.2020, 14:47
Оқиғалар
«Гарант 24 Ломбард» басшысы Аслан Мырзабеков ұсталды
Оны молдавиялық полицейлер қолға түсірген
Фото: ашық дереккөзден
«Гарант 24 Ломбард» және «Выгодный займ» ЖШС басшысы Аслан Мырзабеков ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Медиа-порталдың жазуынша, «Гарант-24» ЖШС басшысы Аслан Мырзабеков 21 қаңтарда Ақтөбеден Орынборға шығып, одан әрі Мәскеуге ұшып, сол жерден пойызбен Кишинев қаласына аттанған.
«Қазақстандық тараптың арнайы сұранысы бойынша Мырзабековті молдавиялық полицейлер қолға түсірді. Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. Тиісті материалдар Молдова құзыретті органдарына жіберіледі», - деп жазылған хабарламада.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
