$ 538.57  629.48  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркияға аттанған қазақстандық құтқарушылардың қанша сыйақы алатындары белгілі болды

Құтқарушылардың елге нақты қашан қайтатыны әзірге белгісіз

Түркияға аттанған қазақстандық құтқарушылардың қанша сыйақы алатындары белгілі болды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Түркиядағы жойқын жер сілкінісі болған жерге құтқару жұмыстарына жіберілген қазақстандық құтқарушылар тобы еліміздің төрт өңірінен жасақталды. Олардың ең жасы 23-те, ең үлкені 63 жаста. Бұл туралы Azattyq Ruhy тілшісінің сауалына берген жауабында Төтенше жағдайдар министрлігі мәлімдеді. 

Нақтырақ айтқанда, зілзаланың салдарын жоюға Алматы, Астана қалаларынан, Қарағанды және Ақмола облыстарынан құтқару бөлімшелерінің жеке құрамы жіберілді. 

«Жеке құрам осындай құтқару операцияларын жүргізуде тәжірибесі бар жоғары білікті мамандармен жасақталған, сондай-ақ азық-түлік қорларымен жабдықталған және барлық қажетті заманауи жабдықтары бар: үйінділер астында зардап шеккендерді іздеуге арналған акустикалық аспаптар, тепловизорлар, үйінділер астынан зардап шеккендерді шығаруға арналған пневматикалық аспаптар және т. б. Жалпы жабдықтарды жинақтаудың 160-тан астам түрі, бұдан басқа, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшін дәрілік заттар мен медициналық құралдардың 150-ден астам түрі бар. Құтқарушылардың ең кішісі 2000 жылғы, ең үлкені 1960 жылғы», - делінген хабарламада.

Қазақстандық құтқарушылардың елге нақты қашан қайтатыны әзірге белгісіз. Бұл мәселе түрік билігінің өкіміне байланысты. ТЖМ мәлімдеуінше, қазақстандық құтқарушыларға бекітілген объектілерде жұмыс тәулік бойы жүргізілуде, ал объект тапсырылған жағдайда бұл мәселе түрік билігімен және өңірдің дағдарыс орталығымен келісіледі.

Сонымен қатар, редакция тілшісі ведомсвтодан қазақстандық құтқарушылар елге оралғаннан кейін атқарған жұмыстарына орай қандай мөлшерде сыйақы алатынын сұрастырды. 

«Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап норма енгізілді, оған сәйкес өміріне қауіп төндіретін кәсіби қызметін жүзеге асыратын қазақстандық құтқарушылар өздерінің лауазымдық жалақыларынан 70%-ға дейін үстемеақы алады. Бұл норма республикалық бюджет комиссиясының бекітуінен өтті және қазіргі уақытта Үкіметтің тиісті қаулыларына өзгерістер енгізіліп жатыр. Сонымен қатар, Түркия Республикасында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүзеге асыратын Қазақстанның құтқарушылары да Үкімет Қаулысы бекітілген сәттен бастап (қайта есептеуді ескере отырып) осы нормаға кіреді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары