Қызылорда облысында тұрғыннан экстремистік бағыттағы кітаптар тәркіленді
Қазалы ауданының 32 жастағы тұрғыны ұсталды
Экстремистік бағыттағы материалдарды сақтағаны үшін деструктивті діни ағымды ұстанатын облыс тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қызылорда облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел- іздестіру іс-шаралары нәтижесінде экстремистік бағыттағы материалдарды сатқан үшін деструктивті діни ағымын ұстанатын Қазалы ауданының 32 жастағы тұрғыны ұсталды. Тұрғылықты мекен-жайы бойынша экстремистік бағыттағы кітаптар тәркіленді», - делінген ПД хабарламасында.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігімен 3 тармағымен (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданған. Сот қаулысымен әйел адам кінәлі деп танылып, оған 107 205 теңге айыппұл салынды.