13.02.2023, 10:43
Оқиғалар
Жамбыл облысында қар құрсауында қалған 800-ге жуық адам құтқарылды
Сондай-ақ 15 адамға жедел медициналық көмек көрсетілді
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Өткен демалыс күндері Жамбыл облысының жолдарында ТЖМ құтқарушылары мен ЖАО қар құрсауында қалған 795 адамды құтқарды. Сондай-ақ 15 адамға жедел медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«27 автомашина құтқарушылар күшімен қар құрсауынан сүйрелді. Облыс ТЖД-да жедел штаб пен «Жедел желі» телефондары ұйымдастырылды. Барлығы 346 қоңырау түсті», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Демалыс күндері Жамбыл облысының құтқарушылары азаматтардың шақыруларына ден қою бойынша жедел шаралар қабылдады.
«Азаматтардан құтқарушылардың ұсынымдарын орындауды және дауылды ескерту болған жағдайда жолға шықпауды сұраймыз», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды