Қонаевта бойжеткенді көліктің жүксалғышына отырғызып алған жүргізуші жазаланды
Оқиға 8 ақпанда желіде жарияланған
Қонаев қаласында бойжеткенді автокөлігінің жүксалғышына отырғызып, жол ережесін бұзған жүргізушіге айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Белгілі болғандай, жастар әлеуметтік желіге видео түсіру мақсатымен қызды көліктің жүксалғышына отырғызып, бар жылдамдықпен көше бойын жүріп өткен.
Оқиға 1 ақпанда қаланың бас көшесінде болған.
«8 ақпанда видео әлеуметтік желіде жариялан соң тәртіп бұзушылар бірден табылып, «Жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу» бабы бойынша жауапқа тартылды», - деп жазады Оtyrar.kz.
Алайда аталған заңбұзушылығы үшін оларға салынған айыппұл көлемі небәрі 17 мың теңгені құраған.
«Жастар көбінесе контент үшін түрлі тәуекелге барады, бірақ қайғылы аяқталған оқиғалар аз емес. Сондықтан тәртіп сақшылары жастарды өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, өзгелерге қауіпті үлгі көрсетпеуге шақырады», - делінген хабарламада.