09.02.2023, 16:56
Оқиғалар
Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 14 мыңнан асты
Жараланғандар саны 64 мыңға жуықтады
Фото: ria.ru
Түркияда жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 14 014-ке, жараланғандар саны 63 794-ке жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy РИА Новостиге сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта қаза тапқандар саны - 14 014, жараланғандар саны 63 794-ке дейін жетті», - деді Түркия басшысы Газиантеп провинциясында сөйлеген сөзінде.
Бұған дейін 13 мың адам қаза тауып, 63 мыңға жуық адам зардап шеккені белгілі болған.
6 ақпан күні таңертең Түркияның Кахраманмараш провинциясында 7,7 баллдық жер сілкінісі болды. Президент Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, бұл - 1939 жылдан бергі ең жойқын апат.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 10:22
Бизнесмендер футболға бет бұрды: биыл Қазақстанда қандай командалар жекеменшікке өтті
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды