08.02.2023, 10:38
Оқиғалар
Алматы облысында 8 көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты
Қайғылы оқиға 7 ақпанда Жамбыл ауданында болған
Коллаж: Azattyq Ruhy
Алматы облысында жол апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінінің хабарлауынша, қайғылы жол-көлік апаты 7 ақпанда Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылының маңында болған.
«Алматы – Бішкек автожолының 82-шақырымында 8 автокөлік соқтығысқан. Апат салдарынан Mercedes жеңіл көлігінің 34 жастағы жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Ұзынағаш ауылының ауруханасына 1958, 1978 және 1984 жылғы үш адам жеткізілді, олардың екеуі –автобус жолаушысы», - делінген хабарламада.

Аталған дерекке қатысты Жамбыл ауданы ПБ-да ҚР ҚК-ның 345-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Көп оқылған
15.05.2026, 14:09
«Жетпіс мың теңге үшін көкбауырын үзіп жіберген»: Алматы облысында тағы бір бозбала төбелестен көз жұмды
15.05.2026, 17:03
Жол сапасы назарда: Ақмола облысында ондаған зауыт тексеріліп жатыр
15.05.2026, 15:53
Семейде ер адам бүлдіршіндерге қарап тұрып, ұятсыз әрекет жасады (ВИДЕО)
16.05.2026, 10:38
Астанада заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендері анықталды